9 ЕСЕПТЕР ФИЗИКА

1.Белгілі бір күш бос арбаға 1,5 м / с2, ал жүгі бар арбаға 0,5 м / с2 үдеу береді. Жүктің массасы арбаның массасынан неше есе ерекшеленеді?

2.40 Н күш денеге 0,6 м / с2  үдеу береді. Бұл денеге күштің қандай мәнінде үдеуі 1,8 м / с2 болады?

3.Дене жылдамдығының проекциясы оның қозғалыс бағыты бойынша  Vх=1,2t заңы бойынша өзгереді. Бұл бағытқа байланысты күштің проекциясын анықтаңдар, егер дененің массасы 1,5 кг тең болса.

4.Массасы 250 г тыныштықтағы хоккей шайбасы 0,02 с созылған соққыдан кейін мұз бетімен 30 м/с жылдамдықпен қозғалады. Соққының орташа күшін анықтаңдар.

5.Массасы 56 кг денеге әрекет ететін күштің проекциясын табыңдар, егер дене түзусызықты қозалады және оның координатасы  х = 10 + 2t + t2  заңы бойынша өзгерсе.

6.Массасы 30 т ұшақ қону алаңына 144 км/сағ жылдамдықпен түседі. Тежелу кезіндегі ұшаққа қандай күш әрекет етеді, егер тоқталуға дейін ол 800 м өтсе?



Источник: https://drive.google.com/open?id=1UCZvKtacD4e6wFgQ3tRR-I7mTKySDJNh
Категория: Мои статьи | Добавил: cahibzhan1914 (14.11.2019) W
Просмотров: 2360 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.1/11
Всего комментариев: 3
3 Заманбек Айжамал  
0
aika_2009

2 Аяжан  
0
Хочу ответ

1 Назерке  
0
есть ответы и их решение??)

Имя *:
Email *:
Код *: